379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Биыл Наурыз мерекесін алматылықтар өзгеше атап өтеді

  • 212
  • UPD: 11:37, 21.03.2019

Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа лептегі мерекеге куә болмақ. Жыл басы тойланатын орындардың саны артып, алғаш рет жалпы-халықтық Наурыз шеруі өтеді.

Тіршіліктің бастауы, берекенің белгісі - Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы келбеті ерекше түрленеді. Үш күн бойы тұрғындар мен қонақтар қаладағы мәдени орындарда ұлттық салт дәстүрдің сән салтанатын тамашалайды. Айта кетейік, жалпыхалықтық мерекелік шара биыл қосымша тағы үш орында тойланады.

Нұрлан Сыдықов, қалалық мәдениет басқармасының басшысы:

- Осы жылдың ерекшелігі қазір қосымша үш жаңа орын қосылып отыр. Ол мына біздің қаламыздың батысында орналасқан Халық Арена, таудың етегінде орналасқан Сұңқар трамплин кешені бар. Одан кейін халықтың жақсы көретін, орталығында орналасқан Атакент орталығы бар.

Негізгі шаралар Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында, Астана алаңында және «Алматы Арена» мұз айдыны кешенінде өткізіледі. Оған қоса, биыл алғаш рет қаланың орталық көшелерінде жалпыхалықтық Наурыз шеру болады. Оған шетелдік қонақтар да қатысады және шерушілердің саны мың жарымнан асады, деп жоспарлануда.

Айнұр Баженова, қалалық мәдениет басқармасының бөлім басшысы:

- 21 наурыз күні өтетін қаламыздың орталық көшелерімен жүріп өтетін үлкен, театрландырылған мерекелік шеру. Яғни, бүгінде 1500-ден астам адам қатысады, деп отырмыз. Осы шетелдік қонақтармен бірге үлкен шеру 21 күні ұйымдастырылғалы отыр.

Биылғы наурыз мерекесі Елбасының Рухани Жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры мақаласына сай ауқымды мәнде ұйымдастырылған. Қаланың мерекелік безендірілуі еліміздің тарихынан сыр шертеді. Үш күндік мерекеде спорттық жарыстар, көрме және концерттік бағдарлама қойылады. Сондай-ақ, отыз мың литр Наурыз көже мен отыз тонна бауырсақ мерекелік дастарханның сәнін келтірмек.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Мұхит Құдықбаев, Валентин Лобанов

Телеканал Хабар 24