389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Көкшетауда Наурыз мерекесін тойлауға келген жұртқа көже таратылды

  • 704
  • UPD: 13:34, 21.03.2019

Ақмола облысының жұртшылығы биыл Наурызды айрықша атап өтіп жатыр. Көкшетауда Ұлыстың ұлы күнін тойлауға келген көпшілікке Наурыз көже мен бауырсақ таратылады.

Бұдан бөлек қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық ойындарды тамашалап, түрлі қойылымдардың куәсі болады. Аймақтағы тілшіміз Дамир Берікұлы, осы өңірдегі мерекелік көңіл-күйді жеткізуге дайын. 

Дамир Берікұлы, тілші:

- Көкшеге көктем кеш келеді. Десе де, Наурыз мейрамы қыстың артта қалғанын сездіртіп тұр. Халықтың көңіл-күйі өте көтеріңкі. Біздегі мерекелік іс-шаралар сағат 12:00-де басталады. 

Бүгін Наурыз мерекесін тойлауға келген көпшілік, алдымен 7 бөлімнен тұратын «Ұлы дала мекенім» атты театрландырылған қойылымдарды тамашалайды. Олардың әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Бірінде 100 шақты биші қыз табиғаттың оянуын бейнелесе, енді бірінде Қыдыр атаның бата бергені көрсетіледі. Ал «Тәуелсіздік» алаңында дәл қазір спорттық сайыстар өтіп жатыр. Жалпы халық, Наурызды тойлауға белсенді атсалысуда. Күннің суықтығына қарамастан жылда орталық алаңдарға халық көп жиналады.

Мұхтархан Жұмаш, қала тұрғыны:

-Бүгін енді үлкен Наурыз ғой. Халық көп жиналды қала алаңына. Наурыздарыңыз құтты болсын. Көкшетауда күн кішкене суықтау.  Бірақ, соған қарамастан халықтың Наурызға келетін белсенділігі жоғары. Жыл сайын Наурызды  осылай жақсы өткізуге нәсіп етсін.

Қуаныш Қайырбеков, қала тұрғыны:

-Бүгінгі мына Наурыз тойы қайырлы құтты болсын. Бәрімізге жақсылық әкелсін. Халық өте қуанышты. Жүздері жайынап жүр. Осы қызық қуаныш ұлғая берсін. Тыныштық болсын елімізде. Балалар, немере-шқберелер өне берсін. Жақсы ғұғыр кешуге жазсын.

Дамир Берікұлы, тілші:

- Күндізгі мерекелік іс-шаралар мерекелік концертке ұласады. Ал ол кешке дейін жалғасады. Жалпы аймақтағы аудан, ауылдарда Наурыз мейрамы бірнеше күн қатарынан тойланады.

Телеканал Хабар 24