377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Павлодарда жемқорлыққа қарсы агенттік балалар үшін Наурыз мерекесін ұйымдастырды

  • 136
  • UPD: 13:22, 21.03.2019
Павлодарда жемқорлыққа қарсы агенттік балалар үшін Наурыз мерекесін ұйымдастырды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Павлодар облыстық филиалы балаларға арнап Наурыз мерекесін ұйымдастырды.

Есту қабілеті нашар  және ауыр жағдайға тап болған  60-тан астам  жеткіншек бұл күні ерекше қамқорлыққа бөленді. Халқымыздың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты. Көктемнің шуақты күнінде ақ жаулықты аналардың қолынан  наурыз көженің дәмін татып,  ыстық бауырсақ  жеп  балалар мәре-сәре.  «Ұлыстың ұлы күні» театрландырылған қойылым мен сиқыршылардың өнері   оларға тамаша көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар департамент  өкілдері  кинотеатрларға  баруға билеттер таратты. Ал, арнайы тігілген киіз үйде ұлттық тағамдарға толы дастархан жайылған.

Раушан Қадырова, қала тұрғыны:

- Немерем оқиды 9-сыныпта. Өздері қолөнерлері күшті. Мына киіз үйді өздері жасады. Қыздары шебер, ою ойып, осы киіз үйді әшекейлеген өздері. Наурыз құтты болсын. Құт береке әкелсін. Дендері сау болсын балалардың.

Нұрлан Жахин, МҚІСЖІҚА облыстық департаменті басшысының орынбасары:

- Ұлттық мереке қарсаңында Наурыз мейрамы балаларға тамаша сыйлық жасауды көздедік. Негізгі мақсат –жаңағы ұлттық құндылықтарымызды, Наурыз мейрамы секілді көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі болғандықтан оларға жаңағы ұлтты тағам, ұлттық әндерді күйлерді көрсетіп, бойларына дарыту. Енді балалар жаңағы қиын жағдайға душар болған екі интернаттың басын қосып  Осындай көңіл күй сыйлау бір енді өзімзідң игі қадамдарымыздың бірі деп санаймыз.

Телеканал Хабар 24