389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қызылордада «Наурыз» керуені қала көшелерін аралады

  • 852
  • UPD: 15:52, 21.03.2019

«Қобыз үні» атты қолөнершілер көрмесінен бастау алған Әз Наурызды тойлау шаралары бүгін Қызылорданың орталық алаңында қорытындыланып жатыр.

Мерекелік бағдарлама аясында «Мейірімді аналар» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Одан бөлек «Taqia party» ұлттық киімдер байқауы ұйымдастырылды. Жол-жөнекей барша сырбойылықтарды құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған «Наурыз» керуені шаһар көшелерімен жүріп өтті. Жаңару мен жаңғырудың ұлық мерекесіндегі игі шаралар жөнінде әріптесім Қамбар Бекенов тікелей қосылымда баяндап береді. Қамбар, қайырлы күн, мейрамда қызылордалықтарға қандай тарту-таралғы жасалды?

Қамбар Бекенов, тілші:

- Ұлық мерекеде тұрғындар бауырсақ пен наурыз көжеге қарық болды. Одан бөлек салмағы 1 тонна тартатын торт әзірленіп, сырбойылықтар үлестірілген тәттіден ауыз тиді. Жалпы халықтың көңіл-күйін өздерінен сұрап білсек.

Шара аясында өткізілген қайырымдылық акциясында көпбалалы 30 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді. Өңірдің іскер аналар қауымы бастаған  «Наурыз» керуені шаһардың басты даңғылдарымен жүріп өтті. Ал тақиялар байқауында «мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектер кестеленіп, «таңдай», «ирек», қабырға тігістерімен сырылған бас киімдер көпшілікке ұсынылды. 16 тігінші пүліштен, қыжымнан ал астарын жібек, сәтеннен тіккен 50 шақты тақия 5 номинация бойынша бағаланды.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Өңірдің барлық ауданындағы іскер әйелдер қамтылған шараның мән-маңызы жөнінде ұйымдастырушылардан сұрап білген едік. Сұхбатқа зер салсақ.

Қамбар Бекенов, тілші:

- Халыққа қуаныш сыйлап, мейірімге шақырған шаралар облыстың барлық аудан-ауылында өткізіліп жатыр. Мәселен Қазалы ауданының жастары вокзалға барып, аялдаған пойыз жолаушыларына ұлттық тағамдар ұсынып, ән-жыр арнауда. Ал ертең Жаңақорған ауданында ұлттық спорт түрлерінен дода басталады.

Телеканал Хабар 24