377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Петропавл халқы Наурыз мерекесін тойлап жатыр

  • 137
  • UPD: 15:53, 21.03.2019

Татулық пен тазалықтың, ынтымақ пен ырыстың бастауы болған Ұлыстың Ұлы күні - Әз Наурыз ең берекелі мейрам. Самарқанның көк тасы жібіген мерекені ырзыққа бөленген солтүстік қазақстандықтар тойлауды бастап кеттті.

Петропавл қаласының орталық алаңында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, келушілерге қызықты бағдарламалар ұйымдастырылып жатыр. Дәл қазір шараның бел ортасында жүрген осы өңірдегі әріптесім Самат Қайырденұлы өз әсерімен бөліспек. Самат, қайырлы күн. Сіз тікелей эфирдесіз. Жалпы биылғы мереке несімен ерекшеленуде?

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Өте орынды сұрақ. Біріншіден Петропавлда биылғы Наурыз мерекесі Тұңғыш Президент саябағында ұйымдастырылып отыр. Таң сәріден мұнда ағылып жатқан халықтың санында шек жоқ. Қыстан қысылмай аман-есен шыққан ағайын, бірін-бірі құттықтап арқа–жарқа. 

Екіншіден, күн мен түн теңелетін мерекені атап өтуде , «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ескеріліп жеті киіз үй тігілді. Атап айтсақ, «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны», «Алтын адам», «Аң стилі», «Ұлы даланың ежелгі металлургиясы», «Түркі дүниесінің бесігі» және «Атқа міну мәдениеті». Бұл шаңырақтардың барлығы осы тақырыпқтарға сай безендірілген. Сол кездердегі жәдігерлер қойлыған. Яғни келіп кетушілер осылардың тарихымен таныса алады. Солтүстік Қазақстан асауға ауыздық салынған өңір болған соң, «Ботай мәдениетімен» танысып жатқандардың қарасы қалың.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Жалпы бүгінгі мерекеге деп 3 тонна палау, 700 келі бауырсақ және 300 литрден астам наурыз көже дайындалды.

Ұлттық тағамдар мерекені тамашалауға келгендерге тегін үлестіріліп жатыр.  Бұдан бөлек «Қазақ күресі», «Асық ату», «Қой көтеру» және «Жілік сындыру» сынды ұлттық ойындар да ойнатылуда. Ең бастысы тұрғындардан мерекелік көңіл-күй сезілуде. Айта кету қажет, жалпы наурызға арналған шаралар  23-не дейін жалғасады. Мұнымен қоса, мереке аулалар да  тойланбақшы.

Телеканал Хабар 24