377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Петропавл тұрғындары: Қазақстанды төрткүл дүниенің тануы – Елбасының ерен еңбегі

  • 125
  • UPD: 23:21, 21.03.2019

Ел бірлігінен асқан бақыт та, байлық та жоқ.

Наурыз тойлауға шыққан петропавлдықтар осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24». Қарапайым тұрғындардың айтуынша, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев талай ұлтты бауырына басқан мызғымас мемлекет құра білді. Бүгінде бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. «Бірлігі жарасқан Қазақстанды төрткүл дүние таниды. Бұл – сөзсіз Елбасының ерен еңбегі», – дейді халық.

Ақзейнеп Тілеужанова, қала тұрғыны:

- Елбасының еңбегіне ризамын. Қазақты қазақ қылып, бүкіл шетелге танытты. 90-жылдары ала добаны арқалап, қаңғырып кеттік. Ақша табамыз, отбасымызды асыраймыз деп. Енді, міне, Аллаға шүкір, рахаттанып, зейнетақымызды алып, қыдырып, балаларды өсірдік, жеткіздік. Сол кісінің арқасында.

Гүлзейнеп Уәлиева, қала тұрғыны:

- Үн-түн жоқ. Төбеден жай түскендей болды. Қазақ халқына осыдан артық не керек? Тыныштық керек. Бірлік керек. Қазір де жылағым келіп тұр. Көзімнен жасым шығып, өз-өзімді ұстай алмадым.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Телеканал Хабар 24