379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Наурызда тараздық жастарға тарту жасалды

  • 145
  • UPD: 23:20, 21.03.2019
Наурызда тараздық жастарға тарту жасалды

Таразда Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Жастар аллеясы» қолданысқа берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аумағы 6 гектарға жуық кешенді орталықта бес бірдей жаңа нысан бой көтерді. Атап айтсақ, «Білім» алаңы, Jastar қабілет орталығы, «Кітап» және «Сахна» алаңшасы мен «Ұлы дала ұландарының стелласы» аллеясы тұрғызылды. Саябақтың құрылысына 454 миллион теңге жұмсалды. Жалпы, Жамбылдағы мереке бұрынғыдан өзгеше. Олай дейтініміз, қалада киіз үй жылдағыдан әлдеқайда аз тігілді. Есесіне жергілікті тұрғындардың дәмнен ауыз тиіп, еркін жүріп-тұруына көп жағдай жасалды. Ашық аспан астына 300 метрлік дастархан жайылған. Аста-төк наурыз көже мен бауырсақ әзірленді. Жиналған қауым мерекелік концерт көріп, 700-ге жуық өнерпаздың қатысуымен әзірленген «Көктем» хореографиялық композициясын тамашалады.

Тұран Бегалыұлы, қала тұрғыны:

- Осындай мейрамға бейбітшіліктің арқасында келіп отырмыз. Елімізде тыныштық болсын. Амандық болсын. Жаңа тағайындалған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының жолын әрі қарай жалғастырсын. Жақсылық болсын!

Телеканал Хабар 24