379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркістандағы Арбат даңғылына Елбасының есімі берілді

  • 175
  • UPD: 23:19, 21.03.2019
Түркістандағы Арбат даңғылына Елбасының есімі берілді Zakon.kz

Түркістан қаласындағы ірі көшелердің бірі – Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс 33-сессиясы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті бастамасы қаралған. Сол жиында облыс орталығындағы Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныс мақұлданды. Бұл даңғыл Бекзат Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап Тәуке хан даңғылы мен Нәзір Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықты алып жатыр.

Телеканал Хабар 24