377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматыдағы «Наурыз шеруіне» 2 мың адам қатысты

  • 243
  • UPD: 23:19, 21.03.2019

Алматылықтар Әз-Наурызды барынша әспеттеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл күні шаһарда «Наурыз шеруі» өтті. Мегополистің мыңдаған тұрғыны ұлттық киім киіп, қаланың ең басты көшелерімен жүріп, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қыдыр ата мен Жер Ана бастаған мерекелік шеруге мәдени мекемелердің қызметкерлері, студенттер, саятшы, бүркітшілер мен тазы баптаушылар және қала тұрғындары қатысты.

Абай даңғылының бойындағы Қазақ мемлекеттік циркінен басталған бұл шеруге 2000 адам қатысты. Олар 4  шақырымға жуық жол жүріп өтті.

Қайрат Тарбаев, қала тұрғыны:

- Цирктен бастадық. Бастысы, халықтың көңіл-күйі мерекелік. Мереке құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Қазақ елінде тыныштық пен береке болсын!

Бақыт Бөкебаев, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры:

- Шерудің мақсаты – орталық алаңда басталатын үлкен мерекенің шарасын дәріптеу, қала халқының көңіл-күйін көтеру, соларға шашу тарқатып, ата-бабамыздың дәстүрі бойынша ақ дәмнен тарту етіп, қала қонақтарының, қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеру.

Өзінің әдемі сән-салтанатымен Абай атындағы опера және балет театрының алдына келіп тоқтаған көшті қала тұрғындары мен қонақтары ұзаққа дейін жібермей, олармен бірге суретке түсіп жатты. Бұл шара дәстүрге айналсын деген тілектерін де білдірді.

Авторлары: Алуа Маханбет, Кенже Амраев

Телеканал Хабар 24