379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Көкшетауда халыққа 1000 литр наурыз көже таратылды

  • 193
  • UPD: 23:17, 21.03.2019
Көкшетауда халыққа 1000 литр наурыз көже таратылды

Көкшетауда Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған халыққа мың литр наурыз көже мен 1 тонна бауырсақ таратылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек үлестірілген құрт, ірімшік секілді ұлттық тағамдарда есеп жоқ. Орталықта ұлттық ойындар мен мерекелік концертті тамашалаған жұрт көп. Ал «Тәуелсіздік» алаңында спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Жалпы, аймақтағы аудан, ауылдарда Наурыз мейрамы бірнеше күн қатарынан тойланады.

Мұхтархан Жұмаш, қала тұрғыны:

- Бүгін Наурыз ғой. Халық қала алаңына көп жиналды.  Наурыз құтты болсын! Көкшетауда күн кішкене суықтау. Соған қарамастан халықтың Наурызға келетін белсенділігі жоғары. Жыл сайын Наурызды осылай жақсы өткізуге нәсіп етсін!

Қуаныш Қайырбекова, қала тұрғыны:

- Бүгінгі Наурыз тойы қайырлы, құтты болсын! Бәрімізге жақсылық әкелсін. Халық өте қуанышты. Жүздері жайнап жүр. Осы қуаныш ұлғая берсін! Тыныштық болсын. Балалар, немере-шөберелер жақсы ғұмыр кешсін!

Телеканал Хабар 24