379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ШҚО-да металлургтер Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы хат жолдады

  • 197
  • UPD: 23:17, 21.03.2019

Онда олар тәуелсіз мемлекетімізді құрып, оны өркендету жолында Елбасының атқарған ісіне ерекше тоқталып, әр шешімінің маңыздылығын атап өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндірістің қарыштауы, әлеуметтік жағдайдың тұрақталуы, денсаулық, білім беру саласына заманауи технологияның енгізілуі тек Тұңғыш Президенттің араласуымен іске асырылып, басты назарында болғаны белгілі. Сондықтан металлургтер өз хатында Елбасының осы бір қажырлы  еңбегіне ерекше алғыстарын жеткізген екен. Бұл хаттағы  жылы лебізге өзге де шығысқазақстандықтар белсене қосылып, бір тәулік ішінде 15 мың қол жинады. Оның арасында шаруалар, дәрігерлер және мұғалімдер бар. Мәселен, ұстаздар қауымы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім саласын дамытудағы төккен тері айрықша деп санайды.

Салтанат Заманбекова, облыстық білім басқармасы «Шығыс өңірлік орталығының» әдіскері:

- Елбасы экономикалық, қаржылық қиындықтарға қарамастан осы білім саласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Оның үстіне мұғалімдерді қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстары, әлемдік стандарттарға сай реформа мәселесіне көңіл бөліп, осы уақытқа дейін тәуелсіздікті баянды етуде ең керегі білім екенін бізге түсіндіріп берген, аңғартқан тұғырлы тұлға деп айта аламын.

Телеканал Хабар 24