378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағандылықтар әлеуметтік желіде Елбасы туралы челлендж бастады

  • 197
  • UPD: 23:16, 21.03.2019

Қарағандылықтар кешелі-бері әлеуметтік желіде жаппай Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосуретін жариялап, қолдау білдіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасымен қалай кездескендерін, ол кісінің ел дамуындағы еңбегін жарыса жазуда. Әсіресе бірге түскен суреттерін, қол алысып, тілдескен бейнежазбаларын көптеп салуда. Тек бүгін таңертеңнен бері #ҚарағандыЕлбасыменБірге хэштегімен жүздеген жазба жарияланған. Бұл сан күн санап көбейіп жатыр.

Әсемгүл Шүкенова, қала тұрғыны:

- Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы Қарағандыға жұмыс сапары кезінде маған қолын берді. Бұл сәт менің өмірімде маңызды оқиға болды. Еліміздің Тұңғыш Президенті кім болғанын көру үшін осы бейнені балаларыма, немерелеріме сақтаймын. Мен үшін ол ыстық әрі қымбат.

Телеканал Хабар 24