379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қостанайдағы фестивальге 200-ге жуық студент қатысты

  • 147
  • UPD: 23:14, 21.03.2019
Қостанайдағы фестивальге 200-ге жуық студент қатысты

Ұлыстың Ұлы күнін ресейлік студенттер де барынша сезінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қостанайда «Наурыз – достық мерекесі» атты халықаралық фестиваль өтіп жатыр. Ауқымды шара көрші елдің және жергілікті жоғары оқу орындарынан жиналған 200-ге жуық жастың басын біріктірді. Онда ұлттық киімдер насихатталып, салт-дәстүрлерден көріністер ұсынылды. Шығармашылық ұжымдардың өнері сахналанды.         

Есімхан Махметов, халықаралық фестивальді ұйымдастырушы:

- Жалғыз ғана өзіміздің ұлт емес, басқа халықтармен бірге Наурыз мейрамын араласып өткіземіз. Жалғыз биыл емес, бұл біздің университетіміздің жылдағы дәстүрі. Айтайық, Челябіден, Екатеринбургтен екі-үш университет келеді. Орыс, татар халқының концерттік бағдарламалары өте жақсы қойылады.

Мәтінді жазған: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Телеканал Хабар 24