378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Атырауда автобус паркі 30 жаңа қоғамдық көлікпен толықты

  • 213
  • UPD: 23:41, 21.03.2019

Наурыз мерекесі қарсаңында Атырауда қалалық автобус паркі жаңа 30 автобуспен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл – өңірдегі мұнай өндіруші компанияның облыс тұрғындарына тартуы. Заманауи автобустардың басты артықшылығы, жас баласы бар аналар мен мүгедектер үшін пандусы бар.

Бүгін сапарға шыққан жаңа автобустар алдымен мүмкіндігі шектеулі жандар мен жас балалы аналарға зор қуаныш болды. Себебі, бұған дейін қала маршруттарында пандусты қоғамдық көліктер санаулы болатын.

Яда Қабаханова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Қазір осы автобусты пайдаланып қарадым. Ыңғайлы, арбадағы адамға бір ғана орын бар екен. Бұл автобустар қаламызда жүріп тұрса, қолжетімді болады барлық адамға.

АНКАЙ маркалы бұл жаңа автобустың сыйымдылығы – 86 адамдық. Олар «Ақжайық автопарк» көлік компаниясының балансына берілді. Автобус осы заманғы ең озық стандарттарға жауап береді. Бүгін ғана қала маршруттарына шыққан жолаушылар көлігінің қатары алға қарай көбейе түспек.

Рзабек Артығалиев, ТШО ЖШС үкімет және бұқарамен байланыс жөніндегі бас менеджері:

- Қалаға келгені 30 дана, бұдан әлі тағы 20-сы келеді, сәуір айының аяғына дейін келіп болуы керек. Бұл автобустарды қазақстандық өндірушіден алып отырмыз. «Сарыарқа авто» деген компаниядан.

Соңғы екі жылда Атырауда қоғамдық жолаушылар тасымалын жарақтандыру бағдарламасы кешенді қолға алынып келеді. Биылдың өзінде автопарк 91 жаңа автобуспен толықты. Қазір олар қаладағы 30 маршурт бойынша тұрғындарға қызмет көрсетуде. Өткен жылдың қазан айынан бастап қоғамдық жолаушылар тасымалы тиімділігін жетілдіру мақсатында электронды жүйе енгізіле бастады. Бұл жүйе тұрғындарға да, автобус паркіне де тиімді. 

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин

Телеканал Хабар 24