379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


М.Әшімбаев елімізде болып жатқан соңғы өзгерістерге байланысты пікір білдірді

  • 214
  • UPD: 18:22, 22.03.2019
М.Әшімбаев елімізде болып жатқан соңғы өзгерістерге байланысты пікір білдірді

Nur Otan - Елбасы саясатының кепілі. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев елімізде болып жатқан соңғы өзгерістерге байланысты осындай пікір білдірді.

Оның айтуынша, тұңғыш президент өз өкілеттігін тоқтатқанымен саяси ұйымның төрағасы болып қала береді. Сондықтан «нұротандықтар» алдағы уақытта да Елбасының ел әлеуетін көтеруге бағытталған тапсырмаларын орындауға міндетті.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Тұңғыш Президент - Елбасының қоғамдағы ролі төмендемей, беделі аласармайды. Оның есімі Қазақстан тарихында алтын әріптестермен жазылған. Біздің Нұрсұлтан Назарбаевқа деген алғысымызды ол қолға алған саясатты одан әрі жалғастыру арқылы білдіре аламыз. Осы жолда «Нұр Отан» кепілге айналады.

Телеканал Хабар 24