379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жаркент жұрты Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

  • 199
  • UPD: 18:33, 22.03.2019
Жаркент жұрты Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесін Алматы облысындағы Жаркент өңірінің халқы да айрықша сән-салтанатпен атап өтті.

Орталық алаңға жиналған халық жергілікті өнер ұжымдары әзірлеген театрландырылған көрініс пен мерекелік концертті тамашалады. Ал жастар алтыбақан теуіп, қол күрестіріп, өзара күш сынасты. Қолөнер шеберлері мен суретшілердің қолынан шыққан туындылар көрмесі де ұйымдастырылды. Жаркент іргесіндегі Пенжім, Алтыүй ауылдарында кәсіпкерлердің қолдауымен ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтті.

Шәріпхан Нұржанұлы, зейнеткер:

- Наурыз мерекесі дәл осылай тойланатын болса, еліміздің ынтымағы мен бірлігі аса берген болар еді. Немқұрайлылық емес, көзбояушылық емес, нағыз ұлттық деңгейде, ұлттық киімдерді киіп, ұлттық салт-сананы сақтап келгеніне мен өз басым қуаныштымын. Өзіңіз көріп тұрсыз, алаңда ине шаншыр жер жоқ.

Гүлназ Солтанқұлова, Жаркент қаласының тұрғыны:

- Біз жазиралы Жаркент жерінде Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз. Өте жақсы өтуде. Барша қазақ елін осы наурыз мерекесімен құттықтап, ақ мол болсын, еліміз аман болсын, еліміз тыныш болсын деп тілектеспіз.

Телеканал Хабар 24