384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қостанайда ақ жаулықты аналар бауырсақ пісіруден жарысты

  • 643
  • UPD: 21:28, 22.03.2019

Шуақты Наурыз мерекесінде Қостанайдағы ақжаулықты әжелер арасында бауырсақ дайындау сайысы ұйымдастырылды.

Қазақ дастарханының басты нанын пісіруге әркім әртүрлі әдіс-тәсілін сайлап келіпті. Сәйкесінше дайындалған бауырсақтардың бәрі бір-бірінен ерекшеленді. Әр аспаздың өз құпиясы болды. Осылайша, небәрі бір-екі сағаттың көлемінде ашық аспан астында 300 келі бауырсақ пісірілді.

Сандуғаш Оспанова, байқауға қатысушы:

- Сегіз түрлі бауырсақ пісіріп әкелдік. Жұлма бауырсақ, жол бауырсақ және ақ бауырсақ деген болады екен. Ақ бауырсақ ашытқысыз пісіріледі. Жұлма бауырсақ деген қолмен жұлып-жұлып майға пісіріледі. Негізінен қазақ дастарханында бауырсақсыз болмаған ғой. Бұл ата заманымыздан келе жатқан өзіміздің дәстүріне айналған.

Телеканал Хабар 24