376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Петропавлда халық Наурыз мерекесін тұрғын үйлердің ауласында да тойлады

  • 152
  • UPD: 21:34, 22.03.2019

Петропавлда Наурыз мейрамы орталық алаңда ғана емес, аулаларда да тойланды. Қала бойынша 300 көпқабатты үйдің тұрғындары Ұлыстың Ұлы күнін сән – салтанатымен атап өтті. Мерекеге орай далада дастархан жайылып, ұлттық тағамдар әзірленді. 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Петропавлда Наурызды аулада тойлау игі дәстүрге айналды. Ұлыстың Ұлы күні осы үйдің алдында да қазан қойылып, самаурын жағылды.

Бұл үйдің адамдары Наурыздың алдында қар шығарып, ауланы тазартты. Ал, бүгін мұнда мереке. Тұрғындарды таңертең әсем ән оятып, майдың иісі еріксіз далаға шығарды. 

Қымбат Бірімжанова, қала тұрғыны:

- Таңертеңгі сағат 9-дан бастап пісіріп жатырмыз мынау мерекеге. Жақсы келіп алып жатыр. Пісіріп үлгере де алмай жатырмыз. Үлгеріп те атырмыз қыздар бәріміз.

Наурыз – көже, ыстық шай мен бауырсақ. Көпқабатты үйдің тұрғындары ұлттық тағамдардан дәм татып, арқа – жарқа болды. Ең бастысы көршілер көрісіп, әңгіме – дүкен құрды.

Күлбарам Мұқажанова, қала тұрғыны:

- Бауырсақтың дәмі күшті екен. Мә, балапаным бері қарай келі. Мә, бәріміз мінекей далаға шығып, көңілімізді көтеріп, қуанып қалдық. Мына жерде ән салып, ән салып жатқанға.

Мұхамедияр Шаяхин, қала тұрғыны:

- Шынын айтқанда қаланың өмірі ауыл емес қой. Ауылда ол күнде көреді бір–бірін. Кешке мал шығарады, соны қарсы алғанда көреді. Осындай күні бәріміз төс қағыстырып, құшақтасып, мен де жаңа бауырларымды көріп, бәрімен амандасып, қал – жағдайларын біліп қалдым.

Балалар да мәз–мейрам. Олар ойын ойнап, мәре-сәре. Той-думанның шырайын мерекелік концерт аша түсті.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Телеканал Хабар 24