377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағанды облысында балабақшаға кезек жоқ

  • 159
  • UPD: 10:24, 23.03.2019

Өңірде соңғы 2 жылда мектепке дейінгі 36 мекеме ашылды.

Оның үштен бір бөлігінен астамы мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында жұмыс істеп жатыр.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылған балабақшаларда қосымша мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтсақ, робототехника үйірмесі, денсаулыққа пайдалы тұз бөлмелері мен спорт секциялары бар. Бұл өз кезегінде  балабақшалар арасында бәсекелістікпен қатар ата-аналардың таңдау жасауына жол ашады.

Айгүл Аркүйева, ата-ана:

- Барлығы қарастырылған, жан-жақты балалар даму үшін, рухани жаңғыру үшін, демалу үшін, білім мен тәрбие алу үшін, баланың дамуына жан-жақты барлығы жасалған.

Көп балалы ана Гүлнәр Смаилова мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасының көмегімен 4 мектепке дейінгі мекеме ашқан. Әрқайсысы 350 орындық. Осының арқасында 200-ден астам адам жұмыспен қамтылды.

Гүлнар Смаилова, құрылтайшы:

- Біз жеке тұлғалардың меншігінде болған ескі балабақшаларды сатып алдық. Әрине, ол кезде жартылай қираған ғимарат болды. Банктен несие алып, оған қоса мемлекеттік қолдаумен кепілдігімізде болды. Қазір барлық балабақшалар 100 пайыз​ іске қосылды.

Жеке балабақшаға ата-аналар ай сайын 11 мың теңге төлейді. Кәсіпкерлерге қалған шығынды мемлекет өтеп береді. Соңғы жылдарда мұндай мекемелердің саны 3 есеге артқан. Биыл тағы 20 балабақша ашылады деп күтілуде.

Бақтыгүл Әдекенова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- 10 балабақшаның құрылысына бюджеттен​ 8 млрд теңге қажет болушы еді. Бір балабақшаның құрылысына 2 жылдай уақыт кетеді. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тапсырыстың көлемін 17 мыңнан 26 мың теңгеге дейін ұлғайтты.

Қазір 3 пен 6 жас аралығындағы балаларға балабақшада орын тапшылығы жоқ. Ал 1 және 2 жастағы бүлдіршіндер әзірге тек 65 пайызға ғана қамтылған. Сондықтан қазіргі таңда шенеуніктер мен кәсіпкерлер кіші топтарды ашу мәселесін қолға алып жатыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Телеканал Хабар 24