376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Оңтүстік өңірден тоғыз отбасы Арқаға қоныс аударды

  • 120
  • UPD: 08:06, 23.03.2019
Оңтүстік өңірден тоғыз отбасы Арқаға қоныс аударды

Ұлыстың ұлы күні Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына еліміздің оңтүстік өңірінен 9 отбасы көшіп барды.

Оларды аудан жұрты зор қошеметпен қарсы алды. Ақындарымыз арнау айтып, әжелеріміз шашу шашты. «Елге ел қосылса – құт» дейді қазақ. Сонау Шымкент қаласынан ат терлетіп жеткен 9 отбасының барлығы да, ол шамамен 60-қа жуық адам, аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықтағы Қоянды ауылына қоныстанады. «Кезінде әйгілі Қоянды жәрмеңкесі өткен бұл өлкенің жері шұрайлы, төрт түлікті өргізуге таптырмайтын мекен», – дейді жұрт. Сондықтан көшіп келіп жатқан азаматтардың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысамыз деп отыр. Әрі бау-бақша өсірсек деген жоспарлары бар. Ал егер кәсіп ашамын дегендер болса, жеңілдетілген несие беру жағы да қарастырылған. Олардың барлығына жергілікті кәсіпкер өз қаржысына үй сатып алып берді. Ал жергілікті билік азын-аулақ малмен көмектеспек.

Әліпбай Тұрғанбаев, көш жетекшісі:

- Бұның алдында Қарқаралы ауданына өзіміз келіп көріп кеткенбіз. Ауыл керемет жер екен. Бізге ұнағаны бұл кісілердің бізге қойып жатқан үлкен жәрдемдері бар екен. Жас отбасыларға ақшалай квота бөлінеді екен. Малмен жәрдемдесіп жатыр. Мектепке орналастырып жатыр, арамызда жас мұғалімдер бар. Соның барлығын жүмыспен қамтамасыз етіп жатыр. Оның үстіне үй беріліп жатыр.

Телеканал Хабар 24