379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Павлодар облысында қазақ үйлер байқауы өтті

  • 199
  • UPD: 11:56, 23.03.2019
Павлодар облысында қазақ үйлер байқауы өтті

Наурыз мерекесінің құрметіне Павлодар облысының оқушылары арасында қазақ үйлер байқауы өтті.

Оқушылар көшпенділердің баспанасын өз қолдарымен жасап шығарған. Жалпы, көрмеге қатысушылар 250 жоба ұсынған екен. Олардың түрі де, көлемі де әртүрлі. Ең үлкені 1,5 метр болса, ең кішісі 5 см. Үздік жұмыстарға түрлі аталымдар бойынша жүлделер тағайындалған. Бұдан бөлек Наурыз мерекесі алаңында ұлттық құндылықтарды паш еткен көрмелер жұмыс істеді. Жиналған жұртшылық концерттік бағдарламаларды тамашалап, ұлттық ойындарға қатысты. Көктемнің шуақты мерекесінде 1,5 тонна палау, 2,5 тонна бауырсақ пен 3 мың литр наурыз көже таратылды. Биыл 120 ақшаңқан киіз тігіліп, бәрі де мерекедей безендірілген. Қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, ән мен жырдан шашу шашылды.

Айман Зейнулина, қала тұрғыны:

- Күн сәулесі дәл бүгін, Наурыз күні жарқырап, өзінің жылуын төгіп тұр. Сондықтан бүгінгі күні бүкіл қазақстандықтарға, қазақ еліне Наурыз құтты болсын дейміз. Алланың нұры жаусын. Еліміз тыныш, бауырымыз бүтін болсын.

Салтанат Айтжан, қала тұрғыны:

- Концерттер, киіз үйлер – бәрі әдемі. Ауылдар өз өнерлерін көрсетіп жатыр екен. Керемет.

Телеканал Хабар 24