Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 94
379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Павлодар облысында қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

  • 145
  • UPD: 15:01, 23.03.2019
Павлодар облысында қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

Көктемнің шырайлы мерекесі Әз-Наурызды Ертіс өңірі ұлттық нақышта қарсы алып жатыр.

Бұл күндерде қайырымдылық шаралар назардан тыс қалмаған. Мәселен, Ақсу қаласындағы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға Қыдыр Ата арнайы барды. Осылайша әлеуметтік сала қызметтері көп балалы отбасылардың тыныс-тіршілігімен танысты. Олардың саны 200-ге жуықтайды. Ал Павлодардың іргесінде тұрған  Мойылды ауылындағы Наурыз тойында қазақтың салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Ауыл тұрғындарына «Бастаңғы», «Тоқым қағар», «Тұсау кесу», «Атқа мінгізу» сынды дәстүрлерден көріністер көрсетілді. Наурыз мерекесіне жиналған ауыл тұрғындары Мойылды шипажайы  ұсынған мерекенің басты тағамы наурыз көже мен ыстық палауден дәм татты. Күн мен түн теңесіп, жер дүние жаңаратын ғажайып шақта ел тыныштығына тілекші ақсақалдар ақ баталарын берді.

Манап Сайлауұлы, Мойылды ауылының тұрғыны:

- Ұлысымыз оң болсын, ақ мол болсын. Елімізде тыныштық болып, әрқашан Алла амандығын берсін!

Нұрғанат Садығазин, Ақсу қаласының тұрғыны:

- Наурыз мерекесі құтты болсын. Ақсу қаласы әкімдігінің бастамасымен бүгін осындай 177 аз қамтылған, көп балалы отбасыларды құттықтауға келіп отырмыз. Азын-аулақ сый-сыяпат береміз. Бұл – қайырымдылық шара, сонымен қоса ән айтып, ақ батамызды береміз.

Телеканал Хабар 24