379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Атырау жастары Астана атауының ауыстырылуына қатысты пікір айтты

  • 207
  • UPD: 07:47, 24.03.2019
Атырау жастары Астана атауының ауыстырылуына қатысты пікір айтты

Мұнайлы өңірдегі жастар ұйымдары Астананың Нұр-Сұлтан боп өзгергенін қолдайды. Бұл Елбасының қазақстандықтарға, соның ішінде, жастарға жасаған әкелік қамқорлығына деген құрметі.

Бүгінде елімізде жас буын үшін білім алып, еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Оған қоса мыңдаған жас отбасының тұрмыстық мәселелері оң шешімін келеді. Бір ғана Атырау облысында жүздеген жас отбасы баспаналы болды.

Мирас Қабдолов, қала тұрғыны:

- Мен Астана қаласынының Нұрсұлтан болып ауысуын толықтай қолдаймын. Ол кісінің сіңірген еңбегі өте көп. Әрине Астана қаласы да әлемге танымал бренд. Бірақ Назарбаевтың да бұл салада атқарған еңбегі зор және де әлемге танытқан сол Назарбаев Нұрсұлтан.

Телеканал Хабар 24