389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Атырауда бір топ қоғам белсенділері тың бастаманы қолға алды

  • 614
  • UPD: 15:39, 24.03.2019

«Сенім Қазақстан» тренингтік орталығының он бес мүшесі бірлесіп асыраушысы жоқ, көп балалы отбасына 4 бөлмелі үй  салып бермек. Осылайша алты жылдан бері баспанадан тарығып жүрген Әмірғалиевтар отбасы енді бір айдан кейін жаңа пәтерге кілтін алуы тиіс. 

Атыраулық Әмірғалиевтар отбасының жағдайы шынында да ауыр. Отбасының тұңғышы 13 жасар Абзал бала жастан кемтар. Қалған үш бала әлі жас  болғандықтан анасы Мейрамгүл тұрақты жұмысқа шыға алмай отыр. Олар тек бірінші топ мүгедегіне мемлекет белгілеген 60 мыңдай ақшаны талғажау етіп келеді. Оның да 26 мың теңгесі мына айналымға келмейтін бөлмені жалдауға кетеді екен.  Мейрамгүл амалсыздан күні-түні жалдамалы жұмыста. Ал балалардың бар күтімі әжелерінің мойнында.

Қаным Нұрсұлтанова, Мейрамгүлдің анасы:

- Көмектескіміз келеді бірақ та қолымыздан ешнәрсе келіп тұрған жоқ. Үй алып беруге ақша жоқ. қаражат керек бәріне әйтеуір балаларына қарап тұрамын. сабақтарына апарамын.

Дегенмен, қоғам қамқор жандарға кенде емес. Әмірғалиевтардың ауыр халін көрген бір топ бизнесмен азаматтар араларынан ақша шығарып Мейрамгүлге баспана салып беруді қолға алды. 

Асхат Бақыт,  жоба жетекшісі:

- Өздерінің баспаналары жоқ, баласы ДЦП ауыратын жағдайын көрдім. Сонда жаным ашып өзіме бір мақсат қойғанмын. Үй салып беру бір жоба өткіземін деп.

Көп түкірсе, көл деген «Сенім Қазақстан тренингтік орталығының 15 азаматы бастаған іс аяқсыз қалған жоқ. Қазір төрт бөлмелі үйдің қабырғасы қаланып болды. Қалған жұмыстар бір айда аяқталатын болады,- дейді белсенділер. Демек, тағдыр тауқіметін тартып келе жатқан Абзалдың арманы орындалар күн алыс емес.

Абзал Әмірғалиев, бірінші топ мүгедегі:

- Менің арманым: аяғыма тұрып сосын сабаққа барып жүгіріп кетсем.  Сосын отбасымның үй болсын деймін. Сол арманым.

Мұнайлы өңірдің жас бизнесмендері қолға алған игі бастама жалғасын табуда. Таяуда мұнай өндіруші компания мүгедек спортшы Медет Сұпығалиевқа Исатай ауданыан үш бөлмелі пәтер кілтін табыс еттті. Демек, қайырымды жандары мол қоғамда өмір сүру қорқынышты емес.  

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Телеканал Хабар 24