379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Астана атауының ауысуына байланысты белсенді жастар ойымен бөлісті

  • 173
  • UPD: 15:49, 24.03.2019

Астана атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қатысты белсенді жастар да пікірлерін білдіріп жатыр.

Солардың бірі - республикалық жастарды дамыту орталығының жетекшісі Ерғазы Әзімханұлы. Оның айтуынша, енді жастар жаңа атауды брендке айналдыру жолында жұмыс істеу қажет.

Ерғазы Әзімханұлы, республикалық жастарды дамыту орталығының жетекшісі:

- Елбасыға алғыс ретінде Нұрсұлтан деген есімді беру - дұрыс деп есептеймін. Бірақ тек атын ғана өзгертіп қоймай, қаланың шетіндегі проблемалары бар жерлер бар, соның барлығы Нұрсұлтан деген атқа сай келсе деген ізгі ниет бар менен. Атын ғана өзгертіп қоймай, ішіндегі кикілжіңдерін, ақауларын өзгертсек, Нұрсұлтан деген атқа сай болса деген тілек.

Телеканал Хабар 24