384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматылық шебер ұлтымыздың бау тоқу өнерін жалғастырып келеді

  • 1122
  • UPD: 15:44, 24.03.2019

Ханға бергісіз қараша бар, кілемге бергісіз алаша бар. Ал сол өнерді дамытып жүрген қолөнер шеберлері бүгінде көп емес. Ұлтымыздың қазынасы саналатын бау-басқұрларды тоқу өнері, қазақ қолөнерінің әліпбиі дейді  Бұлбұл Кәпқызы. 

Бұлбұл Кәпқызының мына шағын цехында ұлттық қолөнердің сан алуан түрін кездестіруге болады. Мұнда бау, желбау, басқұр тіпті алаша  да бар.  Әжесінің қасында жүріп киіз басып, бау тоқуды үйренген  Бұлбұл Кәпқызы, біз келгенде желбау тоқып отыр екен.

Бұлбұл Кәпқызы, қолөнер шебері:

- Бұған енді математикалық есеп өте үлкен керек. Неге десеңіз, ең бірінші салған әрбір жібіңнің саны болу керек. Ең алғаш құрардың алдында мысалы, мен өзім ойланамын, мен басқұрға қандай ою саламын, қанша жіптен саламын деп. Бұған мына бір өрнек салу үшін, мынау тақ жіптен құрылу керек. Жіптің саны 51 жіп пе, 79 жіп пе, 78 деген болмайды.

Көшпелі халқымыздың ең ыңғайлы баспанасы- киіз үйдегі әр бұйымның өз орны мен міндеті бар. Мысалы, шаңырақтың екі жағына байланатын желбаудың ұзындығы 6 метр,  ені бір қарыс. Себебі ол уықтың ұзындығынан 2 метр ұзын болу керек.  Ал, басқұрдың жалпақтығы 30-40 см  болу керек -дейді қолөнер шебері.

Бұлбұл Кәпқызы, қолөнер шебері:

- Бұл басқұрды жалпақ тоқу себебі  киіз үйдің керегесі мен уығының қосындысы байланады иә. Керегеге уық бекітіледі. Сол кезде ағашы болмашы сыртына қарай шодырайып шығып қалады. Сол шодырайып шығып қалған ағаш киізді қажап кетпеу үшін осы басқұрды тұтады ғой. 003841 Сол кезде мынау керегені жартылай жауып тұру керек, уықты жартылай жауып тұру керек.

Уақыт  пен төзімділікті талап ететін бұл өнерді үйренемін деушілер аз емес екен. Ұлттық өнерімізді  шет елге де танытып жүрген шебер, өз білгенін үйде келініне үйретуде.

Бұлбұл Кәпқызы, қолөнер шебері:

- Сонымен 16 бау, екі желбау, бір басқұр болса, киіз үйдің әшекейі жетып жатыр. Киіз үйге қойған бұл әшекейлердің ең бірінші міндеті сол байлап тұру керек,  тартып тұру керек. Одан кейінгі екінші міндеті сәндік рөл атқарады.

Таза мақта мен жүннен жұмыс жасағанды ұнататын қолөнер шебері, бау тоқуды білсең, алашаны да игеріп кету қиын емес дейді.

Бұлбұл Кәпқызы, қолөнер шебері:

- Оны былай біркелкі кесінділерге бөліп, мынау сияқты ұзын қылып тоқып аласың ғой, тоқып алғаннан кейін мынандай кесінділерге бөліп, киізбен үйлестіріп, мынау таза қолдан басылған ақ, қара киіз. Оны былай сырдым.

Байқап отырсақ, шебердің әрбір бұйымы аяқталмай, шашақталып кеткен. Себебі қазақ халқы ешбір дүниені түйіндемеген. Мұнын сыры, өнерім жалғасын тауып, ұрпағым өсе берсін-деген ниет дейді, қолөнер шебері Бұлбұл Кәпқызы.

Авторлары: Алуа Маханбет, Сержан Жұмабаев

Телеканал Хабар 24