379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Бейжіңде отандастарымыз Наурызды тойлады

  • 264
  • UPD: 23:35, 24.03.2019

«Наурыз – халықтарды жақындастыратын, адамдарды бірлікке шақыратын берекелі мейрам».

Бейжіңде әз-Наурызды атап өтуге жиналған отандастарымыз осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24». Мерекелік шара алдымен спорттық турнирмен басталды. 40 адамнан құралған шағын футболдан өткен турнирға 6 команда іріктелді. Олар Қытай астанасында жұмыс бабымен жүрген жерлестеріміз, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы хатшылығының қызметкерлері, ұлттық компания өкілдері. Мұнан соң жиналған жұрт «тұсау кесер» дәстүрін тамашалады.

Дмитрий Флехнер, Бейжің тұрғыны:

- Мен Алматыда дүниеге келдім. 1991 жылы Германияға қоныс аударып, қазір Қытайда тұрып жатырмын. Наурыз мейрамы барлық адамдарды біріктіреді. Германияда Наурызды Қазақстаннан қоныс аударған басқа немістермен бірге тойлайтынбыз. Қытайда да мерекелеп жатырмыз. Наурыз – халықтарды біріктіретін берекелі мейрам.

Телеканал Хабар 24