389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елорда атауын өзгертуге қатысты жамбылдық педагогтар пікір білдірді

  • 885
  • UPD: 23:30, 24.03.2019
Елорда атауын өзгертуге қатысты жамбылдық педагогтар пікір білдірді

Жамбылдық педагогтар елорданың Тұңғыш Президент атымен аталуын қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Кемеңгер, белгілі тарихи тұлғалардың есімін қала, облысқа беру әлемдік тәжірибеде бар. Елбасы – қазақ елінің дүниежүзіне дербес мемлекет ретінде танылуына шексіз еңбек сіңірген адам. Сондықтан Астана атауының ауыстырылуы халқының Тұңғыш Президентке көрсеткен құрметі деп түсінеміз», – дейді олар.

Әлішер Әзімбай, Төле би атындағы №8 гимназия директоры:

- Тарихи шешімді біз құптарлық іс деп қолдаймыз. Елбасымыз осындай сындарлы саясатының арқасында дұрыс бағытпен Тәуелсіз Қазақстанды құра отырып, осы бір сыннан алып шықты деуге толық негіз бар. Бұл шешім Елбасымызға деген халықтың, бүгінгі Үкіметтің бір жасап отырған үлкен алғысы әрі сыйы деп қабылдау керекпіз деп ойлаймын. 

Ержан Жұмаділов, облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернаты директорының орынбасары:

- Тарихқа үңілетін болсақ, басқа мемлекеттердің астанасын, қалаларын басшыларына байланысты өзгертуіне қарайтын болсақ. Мысалы, Американың өзі Джорд Вашингтонның атын Вашингтон қаласын берді. Сол сияқты неге бізге де сол сияқты Елбасының атын бермеске.

Телеканал Хабар 24