379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Илья Теренченко: Елорда атауын өзгерту – заңды шешім

  • 209
  • UPD: 23:29, 24.03.2019

Елордаға Елбасының есімін беру әділ шешім, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Nur Otan партиясының хатшысы Илья Теренченконың пікірі. «Айналасы жиырма жыл ішінде әлем мойындаған, көркіне көз тоймайтын сәулетті қаланың бой көтеруі Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты», – дейді ол. 

Илья Теренченко, Nur Otan партиясының хатшысы:

- Ата Заңымызға сәйкес, заңды түрде қабылданған шешім. Біз, қазақстандықтар Елбасының мемлекетке сіңірген еңбегін бағалай отырып, бұл шешімді қолдауымыз керек және оның әлемдік тәжірибе екенін түсінуіміз қажет. Қазақстанның Тұңғыш Президенті отансүйгіштігі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігі арқылы мұны талай мәрте дәлелдеді. Бүгінгі таңда біз тұрақтылықты ту еткен, өзін әлемдік аренада таныта алатын, дамудың сара жолына түскен жас мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Осының бәрі Елбасының ерен еңбегі.

Телеканал Хабар 24