379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматылық педагог бас қала атауының өзгеруін қуанышпен қабылдады

  • 151
  • UPD: 20:38, 25.03.2019

Бас қаланың атауы - Нұр-Сұлтан болып өзгертілуі қаланың тарихи мәртебесін айқындай түседі дейді Қазақстанның Еңбек Ері, ұстаз Аягүл Миразова.

Қазақстандықтардың ғана емес, әлем жұртының көз алдында өсіп, өркендеген қаладан  Елбасының ерекше қолтаңбасын аңғармау мүмкін емес. 

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек ері, педагог:

- Астанамыздың аты керемет Нұр-Сұлтан болып өзгеріп жатыр. Ол тек үлкен қуаныш. Өйткені Астананың өмірге қалай келгені оның қалай дамығаны, қалай елімізді үлкен қуанышқа бөлегені, әлемге танытқаны, ешкім оған ортақтаса алмайды. Сондық тын атына заты сай деп мен ойлаймын. Сондықтан да құтты болсын. Тек, денсаулық тілеймін елбасына, Еліміз аман Жұртымыз тыныш, сол кісінің бүкіл еңбегі, мына жасаған жемістері елімен халқымен бірге көре берсін.

Телеканал Хабар 24