379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ПМХЗ еңбеккерлері бас қала атауының өзгеруін тарихи оқиғаға теңеді

  • 173
  • UPD: 21:13, 25.03.2019

Павлодар мұнай химия зауытының еңбеккерлері елорда атауының өзгеруін тарихи оқиғаға балайды. Олар мұны Тәуелсіз елімізді 30 жылдай басқарған Тұңғыш Президенттің елге сіңірген еңбегіне берілген лайықты баға деп біледі.

Елорданың Нұр-Сұлтан атануына байланысты өткен флешмобқа  мұнай-химия зауытының 700 жұмысшысы қатысты. Айта кету керек, бүгінде толық жаңғырудан өткен кәсіпорын экологиялық  талапқа сай  Еуро-4 стандартты жанармай және әуе  көлігіне арналған дизель отынын   өндіреді.

Саятай Әліпбаев, ПМХЗ сенімділікті қамтамасыз ету департаментінің директоры:

- Елбасымыз Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлі Назарбаевтың қазақ еліне сіңірген еңбегі өте мол. Оны еңбектеген жас сәбимен еңкейген кәріге дейін барлығы біледі. Бүкіл әлемге қазақ елін, қазақ жерін паш етіп, таныта білген сол кісінің еңбегінің арқасы деп білеміз. Бүгінгі күнде Елордамыз Нұр-Сұлтан –деп атаулың өзі бекерден бекер алынып отырған жоқ. Сол Елбасымыздың еңбегін бағалап, халық өз бағасын беріп жатыр.

Телеканал Хабар 24