378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Тараз жұрты бас қаланың Нұр-Сұлтан болып аталуына қолдау білдірді

  • 256
  • UPD: 21:32, 25.03.2019

Тараздық жұртшылық Елорданың «Нұр-сұлтан» болып аталуына бірауыздан қолдау білдірді. Облыс орталығында осы бағытта бірнеше мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.

Шаһардың әр бөлігінде мыңнан аса адам шығып өз пікірлерін айтты. Теміржолшылар, химия саласының мамандары жиналып, тарихи шешімді қуаттайтындықтарын жеткізді. Олар Астана атауын «Нұр – сұлтан» деп өзгерту Елбасының ерен еңбегіне лайықты құрмет, әрі еліміздің Тұңғыш Президентінің саяси бағыты сабақтастығының кепілі деп біледі. Ал жергілікті жастар форум ұйымдастырып,  үндеу қабылдады. Олар Нұр-Сұлтан қаласын дүниежүзіне танытып, әлемдік брендке айналдыруды көздеп отыр.

Бауыржан Жұмат, студент:

-Бұл еліміздің алдағы уақытта болашақ ұрпақ Нұрсұлтан Әбішұлын біліп, тарихта еңбегі сіңген, ұлы тұлға қазақ елінде болғанын білу керек бізден кейінгі ұрпақ. Және оны біз ұмытпауымыз керек. Біз енді ойлаймын барынша қолдау көрсетіп Осы Нұр-сұлтан қаласын әлемдік брендке айналдыру керекпіз жастар болып.  

Абзал Қонысбаев, минералды тыңайтқыштар зауытының жұмысшысы:

- Біз зауыт жастары осы тарихи, маңызды сәтті толық қанды қолдаймыз. Ол үлкен сый құрмет. Тарихи маңызды сәт. Және көшбасшыға деген үлкен құрмет болып табылады.

Махметғали Сарыбеков, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры:

- Жастарымыз Елбасының қамқорлық саясатын түсіне біле, сол Елордамыз Астана қаласын Нұр-сұлтан қаласына ауыстыруға толық өздері дауыс беріп, өздері қолдап, бүгінгі біздің іс-шараның аяғында Жамбыл облысының жастарына арналған арнайы үндеу қабылдап отыр.

Телеканал Хабар 24