379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Еліміздің аймақтары елорда атауының өзгертілуін қолдайды

  • 226
  • UPD: 23:22, 25.03.2019

Қазақстан соңғы 30 жылда  ғасырға бергісіз  белестерді бағындырды. Бұл елдегі ішкі тұрақтылық пен тыныштықты ұйыстырып, елді басқара білген  тұлғаның арқасы. Сондықтан да  елорданы «Nur-Sultan» деп атауды  ірі өндіріс пен  фабрика жұмысшылары  қолдайды.

Шығыстағы металлургия өндірісінің жүрегі саналатын бұл зауыттағы жұмысшылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Кәсіпорынның арнайы алаңқайына жиналып наурыз мейрамын тойлап жатыр. Ал жергілікті өнер жұлдыздары  ән мен жыр төкті.

Металлургтер   үшін  Елбасы есімі ерекше. 20 мыңнан астам адам еңбек ететін  ұжым Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін елордаға  беруді  қолдап отыр.  Кәсіпорын  жыл сайын мыс пен мырыш және сирек кездесетін металдың 1 миллион тоннадан астамын шет елге экспорттайды. Өндірістің  мұндай қарқынға жетуін қазіргі  жұмысшылар үнемі-  Елбасының  бақылауында болғанымен байланыстырады. 

Нұрлан Омарбеков,  кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары:

- Біз металлургтер елорданың атын Нұр-Сұлтан деп аталауын жан-жақты қолдаймыз. Тұңғыш Президентке алғысымызды осылай білдіруіміз керек. Шет елде  болғанда және ол елдегі әріптестерімз біздің елге келгенде Қазақстан туралы сөз болғанда Елбасымыз  Нұрсұлтанмен байланыстырады.

Шымкенттің  орталық иппадромына  жиналған 20 мыңнан астам  тұрғын өз  қолдауларын осылай  білдірді. Бұл күні орталық атшабарда  халықаралық «Ashyk aspan» фестивалі  өтті.  Шымқаланы  танымал әншілер әнге бөледі.Ал  концерттің соңы мерекелік отшашуға ұласты .

Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімі:

- Мен бұл шараға арнайы шаһар халқын құттықтауға келдім. Фестиваль халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Біз алдағы уақытта Шымкентті әуе шарларының астанасы ретінде көргіміз келеді. Себебі келесі жылы Шымшаһар ТМД-ның мәдени астанасы атанады.

 «Азат елдің астанасы-Нұр-Сұлтан». Мұнайлы өңір жастары осылай қолдап жатыр. Атырау облысында  бүгінде 28 мыңнан астам жас тұрады. Бүгін олардың 2000-нан астамы арнайы сарайға жиналып   елордаға тұңғыш- Президент атын беруді қолдап, пікрілерін білдірді. Ал елімізге танымал өнер жұлдыздары әннен шашу шашты.

Махамбет Асқарұлы, Колледж студенті:

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көшбасшылығымен, көрегенділігімен ерен еңбегімен елімізідің басғына біткен нар тұлға деп айтсақ артық емес. Еліміздің жүрегі болған Астананы Нұр-Сұлтан шаһарына ауыстыру дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі, жастардың қолдауы-Көшбасшы!

Елорда әр ұлт пен ұлыстың ұйысқан жері. Бұл тұрғыда «Нұр-Сұлтан» қаласында  әлемдік саясатқа әсер ететін түрлі  шешімдердің қабылдануы баршаға үлгі. Бұл Ақтөбедегі  достық үйінде бас қосқан ассамблея  мүшелерінің пікірі. Қоғамдық институт өкілдері- Елбасын  елорданың  негізгі сәулетшісі санайды. Сондықтан  бас қаланың- Нұр-Сұлтан аталуы дұрыс шешім.

Марат Қойлыбаев, «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы:

- Екі буынның мағынасы - Нұр аспаннан түсіп тұрған, Алланың нұры жаусын деген. Анау абар тілінен болса да, парсы тілінен болса да, мынау түркі тілдес болса да бәріне түсінікті. Сұлтан деген - билікті болып тұрсын деген мағына ғой. Астананың атауы одан кейін осылай аталуында мен қарама-қайшы, біздің халқыма, дәстүрімізге, дінімізге, тілімізге қарама қайшы келіп тұрған ештеңе жоқ деп түсінемін.

Ертіс өңірінің металлургтері мен мұнайшылары елорда мен Елбасы егіз ұғым деп біледі. Бүгін бас қаланы Нұр-Сұлтан деп атауды қолдаған электролиз зауытының мыңға жуық еңбеккері арнайы шара өткізді.Бұл өндірістің негізін қалауға тұңғыш Президенттің өзі де  қатысқан. Сондықтан зауыт жұмысшылары-Елбасының еңбегін ұмытпақ емес. 

Александр Клименко, металлург:

- 10 жыл бұрын баршамыздың арманымыз орындалды. Павлодар жерінде гилоземнен алюминий өндіріле бастады. Бұл Тұңғыш Президентіміздің да арманы еді. Бүгінде жазық далада бой көтерген зауытта 2,5 адам табысты еңбек етуде. Оларды басмы бөлігі - жалынды жастар. Біз Елбасына ризамыз, Елорда атауының Нұр-Сұлтан деп өзгертілгенін дұрыс шешім деп білеміз.

Еліміздің әр өңірінде  ұлыстың ұлы күні әлі тойланып жатыр. Осы  мерекеге жиналған ел-жұрттың көбі Елбасының есімін елордамен байланыстыратынын айтып жүр.

Авторы: Олжас Керейхан

Телеканал Хабар 24