378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматылықтар: Елбасының есімі елорданың атауына лайық

  • 181
  • UPD: 08:13, 26.03.2019

Алматылықтар да елордамызға Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді қолдайды.

Осыған орай Республика сарайының алдындағы Абай алаңында өткен концертке танымал эстрада әншілері қатысты.

Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттерінің басын қосқан «G 38» ұйымының өкілдері өз замандастарын жақсы білім алып, туған жеріне қызмет етуге шақырды. Маралтай Ыбраев секілді ақындар мен Ислам Байрамуков, Қанат Ислам сынды атақты спортшылар да сахнаға шығып сөз сөйлеп, Елбасының ерен еңбегі туралы жастарға баяндап берді. Жиналғандар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын жылы қабылдап отыр. Олардың айтуынша, мемлекеттің дамуы үшін еңбек еткен Елбасы мұндай құрметке әбден лайық. 

Маралтай Ыбраев, ақын:

- Шетелдегі қазақ халқының қайтадан отанына қайтуына мүмкіндік жасады. Бұған да қандай құрмет көрсетуге болады. Ең соңғысы, жақында ғана Ақтау қаласында 5 мемлекетті шақырып отырып, осы Қазақстанның алып шекарасын шегендеп, соның нүктесін қойды. Сондықтан да Елбасына қандай да құрмет лайық деп ойлаймын.

Оңдасын Құлымбет, жастар ұйымының өкілі:

- Тұңғыш Президентіміз биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағанның өзі жастарға деген үлкен сенім артқанының белгісі. Сондықтан біз қазіргі таңда Тұңғыш Президентімізге қолдау көрсетіп, ол кісінің атқарған қызметтеріне, саясаттарына алғыс білдіріп, қолдау көрсетудеміз.

Телеканал Хабар 24