376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Семейде «Астанамыз – Нұр-Сұлтан!» атты патритоттық шара өтті

  • 234
  • UPD: 08:14, 26.03.2019

Абай атындағы театр ғимаратына жиналған қауым елордамызға Елбасы есімін беру жөніндегі шешімді қолдайтындықтарын жеткізді.

Қала әкімі Ермак Сәлімов Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуындағы ерен еңбегі мен Семей өңіріне деген қамқорлығы жөнінде атап өтті. Әсіресе халыққа қаншама зобалаң әкелген Семей полигонын жабу жөніндегі тарихи шешімінің мәні зор. Патриоттық шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдері, жастар барлығы мыңға тарта адам қатысты. Жиын соңында қаланың өнер ұжымдары ән мен жырдан шашу шашты.

Орал Шәріпбай, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

- Вашингтонда өздерінің тұңғыш президенттеріне өздерінің есімдерін беріп жатса, біз неге бермеске? Әрі-беріден кейін ол Елбасына керегі жоқ. Ол, біріншіден, тарихқа керек, екінші, елге керек, үшінші, ұрпаққа керек. Сондықтан қазіргі таңда осы Нұрсұлтан есімі берілуі қазақ елі үшін, әлем үшін мақтаныш!

Айтуар Қапанов, жас маман:

- Астана қаласының Нұр-Сұлтан деп өзгеруін толықтай қолдаймын. Себебі, Елбасының еліне сіңірген еңбегін ауыз толтырып айта берсек болады. Елін сүйген Елбасы, елі сүйген Елбасы. Шекарасын салдырған, ұлтқа ұран ту болған. Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келіп, мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп, Елбасымыздың саясатын іске асырып жүргенім үшін қуанамын әрі мақтан тұтамын!

Телеканал Хабар 24