378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Көкшетаулық қариялар: Елдегі бейбітшілік – Тұңғыш Президенттің еңбегі

  • 142
  • UPD: 08:19, 26.03.2019

Көкшетаулық қариялар: «елдегі бейбітшілік – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі», – дейді.

Себебі, ішкі және сыртқы саясатты берік ұстанған Елбасы мемлекеттің тыныштығын қамтамасыз ете білді. Әсіресе еліміз егемендік алған жылдары ерен еңбек сіңірді. Талай қиындықтан халықты аман алып шығып, Қазақстанды әлемге бейбітсүйгіш ел ретінде таныта білді.

Рамазан Смағұлов, қала тұрғыны:

- Сол кісінің істеген ісі – еліміздегі бейбітшілік. Соның арқасында ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Соғыс, анау-мынау деген жоқ. Соған рақмет айтамыз. Аллаға шүкір, бәрі жақсы болады деп

Шияп Әлиев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Қазақ халқы сондай бір бақытты халық деп ойлаймын. Әрбір қиын уақытта суырылып шығатын бір батырлары болады. Қазақ халқы жоңғарлармен соғысқанда, қазақ ұлты бола ма, болмай ма деген кезде Абылайхан шықты. Абылайхан бүкіл қазақты ұйымдастырып, жоңғарды жеңіп, қазақ мемлекетін алып қалды. Міне, кеше көзіміз көрген Кеңес үкіметі ыдыраған кезде, жағдайымыз не болады деген кезде, Құдайға шүкір, біздің осы Президентіміз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы болып, басқарып, ыдыратпай, соғыстырмай, ұрыстырмай, жанжалдастырмай, өзінің шекарасын құрып, өзінің гербі бар, гимні бар, әскерін құрып, Парламентін құрып, Үкіметін құрып, барлық жағдайын жасады.

Телеканал Хабар 24