379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Атырауда жаңа көпір құрылысы басталады

  • 158
  • UPD: 10:04, 26.03.2019
Атырауда жаңа көпір құрылысы басталады

Атырауда «Солтүстік айналма жол құрылысы» жобасы аясында Жайық өзенінде тағы бір көпір салынады.

Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін тек жергілікті бюджеттен жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге 350 млн теңге қарастырылып отыр. Атырау-Астрахань тас жолын кесіп өтетін қосымша 4 өткел-жолайырық салынады. Сонымен қатар бұл ішкі жолдар Индер ауданы және республикалық маңыздағы Атырау-Ақтөбе тас жолын қосады. Бұл орайда Махамбет ауданындағы Алматы ауылы тұсынан түсетін көпір құрылысының маңызы зор. Сонымен қатар осы учаске маңындағы Талғайраң елді мекенінде болашақта жаңа мөлтек ауданға 162 көпқатарлы үй салынады деп жоспарланып отыр.  «Солтүстік айналма жол» жобасы шамамен 2020 жылы аяқталуы тиіс.

Қайрат Нұртаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Ол жол Атырау-Астрахань жолының қалаға жақын маңынан басталып, Атырау-Орал жолын кесіп өтеді. Сонан кейін Жайықтан өтетін бір көпір құрылысы салынады. Облыстық маңызы бар Индер жолынан бір жол айырығы салынады. Ол республикалық маңызы бар Доссор бағытындағы жолға келіп қосылады. Егер ұзындығы 26 шақырым айналма жол салынатын болса, көлік кептілісі азаяды деген жоспар бар.

Телеканал Хабар 24