377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ұлттық қолөнерді жаңғыртып жүргендерге жеңілдіктер қарастырылмаған

  • 162
  • UPD: 10:46, 26.03.2019

Ақмола облысында ұлттық нақыштағы бұйымдар тігетін шеберлер көбейіп келеді.

Олар ұлттық өнерді дамытумен қатар жеке бизнестерін де жүргізіп келеді.

Атбасарлық әжей Қазиза Утбаева тігіншілік өнерімен зейнеткерлікке шыққалы бері айналысып келеді. Көрпе, жастық секілді күнделікті қажетті бұйымдарды қазақы оюлармен көмкеріп отырып тігеді. «Тапсырыс толастаған емес», – дейді шебер. Тіпті, көрші аудандардан келіп қызығушылық танытып жатқандар бар. Алайда тігінші әжей «бұл кәсіпке тек бизнес ретінде қарамай, шәкірт тәрбиелеп, ұлттық өнерді өскелең ұрпаққа үйретсем», – дейді.

Қазиза Утбаева, тігінші:

- Мен осы істі алға қарай өрбітсем бе деп ойлаймын. Алға қарай бұны жүргізсем бе деп ойлаймын. Бұдан үлкендеу ғимарат болса, оқушылар алар едім. Оқытар едім, үйретер едім. Жастардың ішінде бұл іске қызығушылар бар. Жақсы деген аудан бар. Сол Жақсыдан бір бала оқығысы келді. Бірақ ол баланы оқытатындай қазір бөлмем жоқ, мүмкіндігім жоқ.

Ал Жақсы ауылында тұратын Қарашаш Ысқақова тігіншілік кәсіппен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Бұл бизнесті ол 3 млн теңге жеңілдетілген несиемен бастаған. Алғашында тек киімді жөндеуден қызмет көрсетсе, қазір тапсырыспен ұлттық нақыштағы дүниелерді тігіп жүр. Әрі 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қарашаш Ысқақова, кәсіпкер:

- Алдағы уақытта тігін цехын кеңейткім келеді. Себебі, сұраныс бар. Мәселен, өткенде ауданның өнерпаздарына түрлі сахналық костюмдер тігіп бердік. Тапсырыс берушілер шамамен 1 млн теңге төледі. Келешекте қасыма тағы 2 тігінші алсам ба деп отырмын. 

Кәсіпкерлік саласы мамандарының айтуынша, ұлттық қолөнерді жаңғыртып жүрген жандарға арнайы қолдау мен жеңілдіктер қарастырылмаған. Яғни мемлекет бұған тек бизнес ретінде қарайды. Дегенмен оған қарап жатқан шеберлер жоқ. 

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный. Евгений Шинкаренко

Телеканал Хабар 24