379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қостанайда теологиялық оңалту жұмыстары бойынша оқыту орталығы ашылады

  • 146
  • UPD: 13:50, 26.03.2019
Қостанайда теологиялық оңалту жұмыстары бойынша оқыту орталығы ашылады

Елімізде қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерін теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша оқыту орталығы ашылмақ.

Осыған байланысты бүгін Ішкі істер министрлігі мен Орталық Азиядағы БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы меморандумға қол қойды. Жаңа орталық Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясының базасында қызмет көрсетеді. Онда экстремистік және террористік бағытта қылмыс жасаған азаматтармен жұмыс жүргізу, қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға ерекше ден қойылмақ. Жоба алдымен пилоттық негізде ерлер мен әйелдерге арналған екі колонияда жүзеге асады.

Бекболат Шәкіров, ҚР ІІМ ҚАЖ басқарма басшысы:

- Бірінші күннен бастап оларға арнайы бағдарлама құрылады. Имамдарды, теологтарды шақырамыз, сұхбаттасу, бейнематериалды көрсетеміз. Қосымша оларға кітап береміз. Әрине, ол кітаптарды дін істері басқармалары сараптамадан өткізеді. Одан кейін ғана сотталғандарға береміз.

Телеканал Хабар 24