379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Кедендік саудада «бірыңғай терезе» порталы іске қосылады

  • 151
  • UPD: 13:53, 26.03.2019
Кедендік саудада «бірыңғай терезе» порталы іске қосылады

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «бірыңғай терезе» порталы пайдалануға берілмек.

Бұл туралы еліміздің қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев мәлімдеді. «Бірыңғай терезе» порталының көмегімен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарлардың сәйкестік сертификаттарын рәсімдей алады. Мұнымен қоса электронды рұқсат құжаттарын, лицензияларды ала алады.  Барлық анықтамалар да осы жүйеге жинақталған. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар порталға тіркелгеннен кейін олардың жеке кабинеті ашылады. Онда қатысушының сауда-саттыққа байланысты барлық құжаттары көрсетіледі. Қосымша құжаттарды рәсімдеу де сол портал арқылы жүзеге асырылатын болады.

Руслан Еңсебаев, ҚР қаржы вице-министрі:

- Мемлекеттік органдардың жүйелерін интеграциялау арқылы біз олардың арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеміз. Бұл қағазбастылықтан арылтады. «Біріңғай терезе» порталы сыртқы экономикалық қызметті бақылау, реттеу және үйлестіру бойынша тиімді. Сондай-ақ экспорттық-импорттық операцияларды кедергісіз жүргізу үшін жағдай жасау экономикалық өсімді еселеуге сеп болады.

Телеканал Хабар 24