377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Г.Баймағанбетова: Елбасының өнерді дамытуға қосқан еңбегін жоғары бағалаймыз

  • 143
  • UPD: 14:45, 26.03.2019
Г.Баймағанбетова: Елбасының өнерді дамытуға қосқан еңбегін жоғары бағалаймыз

Ақтөбенің мәдениет саласының қызметкерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың өнерді дамытуға қосқан ерен еңбегін жоғары бағалайды.

Мемлекетіміз Тәуелсіздік алып, Тұңғыш Президент ел басқарған жылдары Ақтөбеде жүздеген мәдениет ошағы бой көтерді. Тоқырау жылдары есігіне қара құлып салынған клубтар қайта ашылып, мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өсті. 30 жыл бұрын ашылған шағын театр үлкен ұжымға айналды.

Гүлнәр Баймағанбетова, «Алақай» мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы:

- Нұрсұлтан Әбішұлының өкілеттілігін тоқтату жөніндегі үндеуін естіген кезде көңілім түсті. Ол кісі 30 жылға жуық Елбасы болып еңбек етіп келсе, менің өзім де осы «Алақай» қуыршақ театрында 30 жылға жуық еңбек етіп келемін. Өнер дамыды, мәдениет дамыды, «Алақай» қуыршақ театрының 30 жыл ішінде репертуары толықты. Көрерменді қуантып жатырмыз. Ол да болса еліміздің тыныштығы мен заманымыздың арқасында деп ойлаймын.

Телеканал Хабар 24