384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада жаңа емлені оқытуға арналған курс басталды

  • 716
  • UPD: 15:19, 26.03.2019
Елордада жаңа емлені оқытуға арналған курс басталды

Бүгін елордада латын әліпбиіне негізделген жаңа емлені оқытуға арналған республикалық курс басталды.

Оқытушылар, аудармашылар және әдіскерлер 5 сәуірге дейін арнайы даярлықтан өтеді. Курс тыңдаушыларына қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздері, графикасы мен құрамы жайлы толыққанды ақпарат беріледі. Сондай-ақ өзге тілдерден енген сөздердің орфографиясы мен орфоэпиясы да оқыту бағдарламасында бар.

Айта кетейік, шараның өтуіне ұйытқы болған – Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми орталығы.

Телеканал Хабар 24