379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Р.Қайдаров: Астанамызға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру – тарихқа тағзым

  • 132
  • UPD: 15:24, 26.03.2019
Р.Қайдаров: Астанамызға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру – тарихқа тағзым

Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен президенттік өкілеттігін тоқтатуы тосын жаңалық болса да, жан-жақты таразыланып жасалған шешім.

Өз кезегінде жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі барлық ірі шаһарлардағы негізгі көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру де тарихқа тағзым, Елбасына жасалған құрмет. Қазақстан генаралдар кеңесінің төрағасы Рүстем Қайдаров осындай пікірде.   

Рүстем Қайдаров, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Бүгінгі күні, халықаралық жағдайдың қиын кезінде біздің Президентіміздің осы шешімі өте дұрыс. Мемлекетіміз әрұлтты, әр діндегі адамдар. Бәріміз тату-тәтті жүріп жатырмыз. Осындай елді, осындай жағдайда қалдырып, келесі президентке орын босатып бергені дұрыс. Болашағымыз – жастар. Сол жастарға үлгі болып, президентіміздің істеген ісін, ойлаған ойын іске асыруымыз керек.

Телеканал Хабар 24