379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жамбыл облысында автобус жүргізушілерге қатысты 1500-ге жуық хаттама толтырылды

  • 185
  • UPD: 08:22, 27.03.2019
Жамбыл облысында автобус жүргізушілерге қатысты 1500-ге жуық хаттама толтырылды

Жамбыл облысында биылғы жылдың үш айында автобус жүргізушілеріне қатысты 1500-ге жуық хаттама толтырылған.

Сондай-ақ қоғамдық көліктердің қатысуымен 3 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 14 адам жарақаттанып, 1 адам қаза тапқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, автобус жүргізушілерінің басым бөлігі жылдамдықты шамадан тыс асырады. Ол аздай, көлікті басқарып келе жатып, ұялы телефонмен сөйлеседі. Жүгенсіз кеткен жүргізушілерді жөнге салу үшін облыстық полиция департаменті наурыз мерекесі күндері арнайы тексеріс шарасын жүргізді. Нәтижесінде 211 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, алты көлік айып тұрағына тоғытылды.

Телеканал Хабар 24