379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Автобус жүргізушісі рейске шығар алдында дәрігерлік тексеруден өте ме?

  • 146
  • UPD: 11:14, 27.03.2019

Автобус жүргізушілері белгіленген бағыт бойынша жолға шықпас бұрын, міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді.

Атап айтқанда, мамандар күн сайын таңғы 5-тен бастап олардың қан қысымын өлшеп, ішімдік ішкен-ішпегенін анықтайды. Егер жүргізушінің денсаулығы сыр берсе, оның рөлге отыруына тиым салынады. Мәселен, бүгін елордадағы нөмірі бірінші автобус паркінің 2 жүргізушісі қан қысымының жоғарылап кетуіне байланысты жұмысқа жіберілген жоқ. Айта кетейік, қазір бас қалада 8 авто-парк жұмыс істейді. Оның біреуі мемлекет есебінде болса, қалған жетеуі жекенің қолында. Оларда барлығы 1 мың 700 жүргізуші штатта.

Нұржан Тұрлыбай, автобус жүргізушісі:

- Таңғы  төрт жарымнан бастап тұрамыз. Кезекшіміз бар, сол алып келеді осы жерге. Одан кейін ары қарай медиктерден өтеміз, путевка аламыз. Автобусты қарап шығарамыз. Механикке печатын бастырамыз. Сосын линияға шығамыз.

Телеканал Хабар 24