379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Шымкентте аналарға қызмет көрсету орталықтары ашылды

  • 261
  • UPD: 10:25, 27.03.2019
Шымкентте аналарға қызмет көрсету орталықтары ашылды

Шымкентте көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қызмет көрсететін «аналар орталықтары» ашылды.

Шаһардың төрт ауданында орын тепкен орталықта психологиялық және құқықтық, тұрғын үй және әлеуметтік төлемдер бойынша қызмет көрсетіледі. Жаңадан ашылған аналарға қызмет көрсету орталығына қазірдің өзінде келушілер көп. Ал 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасы саны 10 мыңнан 20 мыңға дейін ұлғаяды деп күтіліп отыр. Айта кетейік, қалада көп балалы аналар саны 31 мыңнан асып жығылады. Сондай-ақ әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру үшін қалада «Ел-Көмек» әлеуметтік порталы іске қосылады. Сондай ақ жергілікті билік «Шапағат» атты мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығы жобасын жүзеге асыруды көздейді. Мұнда он сегіз жастан асқан бірінші және екінші, үшінші топтағы мүгедектерге стационарлық және жартылай стационарлық арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді. 

Гүлсая Назарбекова, қала тұрғыны:

- Жалғыз басты анамын. Үш баланың анасымын. Осында келіп кеңес алдым мамандардан. Қазір құжаттарды жинадым. Сол құжаттар арқылы көмек алам деген үміттемін.

Гүлжан Құрманбекова, қала әкімінің орынбасары:

- Халықтарды қабылдау жұмыстарын бастадық. біздің қаламызда 4 аудан бар. Сол аудандардың барлық әкімдігінде осындай қабылдау залы ашылды. Ал  аналарға әлеулеуметтік көмек беру орталықтары ашылып жатыр.

Телеканал Хабар 24