379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада екі жүк көлігі соқтығысты

  • 170
  • UPD: 11:02, 27.03.2019
Елордада екі жүк көлігі соқтығысты inform.kz

Елордада екі жүк көлігі соқтығысып, біреуінің жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 наурыз күні «HOWO» маркалы жүк көлігі Абылайхан даңғылымен келе жатып, қарсы бағыттағы жүк көлігімен соқтығысты. Көлік апаты салдарынан «HOWO» автомашинасының 51 жастағы жүргізушісі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді», - делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің «ҚазАқпаратқа» жолдаған мәліметінде.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан «HOWO» жүк көлігінің кабинасы бірнеше метр жерге ұшып кеткен.

Қазіргі кезде аталған көлік апаты бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.

Телеканал Хабар 24