377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ТЖД мұз үстіне шықпау туралы ескертті

  • 172
  • UPD: 15:22, 27.03.2019
ТЖД мұз үстіне шықпау туралы ескертті

Елорда құтқарушылары қардың еруіне байланысты су қоймаларындағы мұздың үстіне шықпауға кеңес береді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Құтқарушылардың айтуынша, кеше кешке жолды қысқарту ойымен 62 жастағы ер азамат мұз үстімен жүріп, Есіл өзеніне құлап кеткен. Абырой болғанда, мамандар оқиға орнына дереу жетіп, зардап шеккен азаматқа алғашқы көмек көрсеткен. Жалпы бүгінде 60-қа жуық рейд жұмыстары жүргізіліп, бір мыңға тарта жаД-намалар мен кітапшалар таратылды. Сонымен қатар, аса қауіпті аймақтарда тыйым салу белгілері орнатылды.

Елдор Райымбеков, қалалық ТЖД бөлім басшысы:

- Бүгінде мұздың кейбір жерлері 20-25 см құрап отыр. Сол себептен мұздың үстіне мұздың үстіне шығуға тыйым салынып отыр. Тек қана құтқару жилеттерімен болу керек. Егер ол болмаса сол азаматқа әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Телеканал Хабар 24