378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркістан облысындағы елді мекендер иіс тиюді ескертетін құрылғымен қамтылады

  • 192
  • UPD: 15:32, 27.03.2019
Түркістан облысындағы елді мекендер иіс тиюді ескертетін құрылғымен қамтылады

Биылғы жылыту маусымында Түркістан облысында 16 газдан улану оқиғасы тіркеліп, 23 адам қаза тапқан.

Профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейткеніне қарамастан тұрғындардың үй жағдайындағы қауіпсіздікке салғырт қарауының соңы осындай оқыс оқиғаларға ұласып жатыр дейді облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов. Оның айтуынша, әр аудандағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жұмыс штабтары құрылған. Ондағы жұмысшы топ әр сенбі-жексенбі сайын полиция, азаматтық қорғау қызметкерлері және газ бен жарыққа жауапты мекеме өкілдерімен бірге 50 мыңға жуық үй-үйді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында Созақ ауданында 150 дана газ-дабыл қаққыш құрылғысы орнатылған. Бәйдібек ауданында да жалғауда. Алдағы уақытта облыстағы барлық аудан-қалаларды осындай құрылғылармен қамту жұмыстары жүргізіледі.

Нұрғали Жүнісов, облыстық ТЖД басшысы:

- 16 наурыздан бастап Көксарай су реттегіші 2 млрд 200 млн  су жинап, қазіргі таңда Шардарадан төмен түскен су транзиттік режимде өткізіліп жатыр. Көксарай су реттігішімен ары қарай дарияның бойымен Қызылорда облысына жіберіліп жатыр. Ал облыс аумағында орналасқан өзендерге келетін болсақ, олар 55 пайызға толтырылған. Егерде тасқын су келетін жағдайда келген суды қабылдауға толығымен дайынбыз.

Телеканал Хабар 24