379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ми-8 тікұшағы апатында қаза тапқан капитанның артында 3 жасар ұлы қалды

  • 206
  • UPD: 19:01, 28.03.2019

Апатқа ұшыраған тікұшақта Батыс Қазақстан облысының тумасы капитан Сырым Мәсәлім де болды. 29 жастағы әскери қызметкер Сырым ауданының Аралтөбе ауылында туған.

Ақтөбе әуе қорғаныс күштері әскери инситутының түлегі. Марқұмның артында жары мен 3 жасар ұлы қалды. Сырым отбасындағы кенже ұл. Екі әпкесі мен ағасы бар. Ата-анасы қазір Орал қаласында тұрады. Әкесі Мәлкей ұлымен соңғы рет кеше күндіз телефон арқылы сөйлескенін айтады. 

Мәлкей Иманғалиев, С.Мәсәлімнің әкесі:

-  Әлі сенбей тұрмын балам жоқ деп, дегенмен, Қарулы Күштер Департаментінен келіп кетті жаңа, айтты 13 адам қайтты, соның ішінде сіздің балаңыз бар деп. Балам дейтін мектеп бітіргенде өзі армандап, сол әскери институт авиация имени Талғат Бигелдиноваға түскен. 2007-2011-де бітіріп, Ақтауға жіберілді.

Телеканал Хабар 24